
«Е-Salyq Azamat» – электронды салық әмиянының функцияларын орындайтын мобильді қосымша. Бұл қосымша азаматтарды бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы ақпараттандыру және оларды төлеу мүмкіндігін беру үшін әзірленген.
Құрметті салық төлеушілер!
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Е-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында жоспарлы жаңарту жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды.
Осыған байланысты телефонның параметрлерінде қолданбаларды автоматты түрде жаңартуды орнатуды ұсынамыз. Жаңа нұсқасы (App Store, Play Market, AppGallery) маркетте жарияланды.
«Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы жеке тұлғалардың салық органдарына бармай-ақ салық міндеттемелерін орындауының жеңілдігі мен ыңғайлылығы үшін іске қосылды.
Қосымшада орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:
салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеу;
салық берешегін тексеру;
артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді жасау;
жұмыс берушіңіздің жалақыңыздан міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың қанша ұстап қалғанын тексеру;
жеке тұлғалардың банкроттығы;
«Е-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы келесі: активтер мен міндеттемелер бойынша (250,00), табыс пен мүлік бойынша (270,00), жеке табыс салығы бойынша (240,00), жер салығы және мүлік салығы бойынша (700,00) декларацияларын тапсыруға болады.
Бұл мобильді қосымшасының арқасында, салық берешегі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына және салық берешектерін төлеу үшін екінші деңгейлі банктердің филиалдары барудың қажеті жоқ, өйткені қазір мұны онлайн режимде жүзеге асыруға болады.