Date of publication: 03.09.2024 16:15
Date of changing: 03.09.2024 16:16

Құрметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін пайдаланушылары!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылға арналған 270.00 «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация» салық есептік нысанының «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында жаңартылуы аяқталғанын хабарлайды.

iOS, Android немесе Huawei платформаларында жұмыс істейтін смартфондарға e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын орнату немесе жаңарту үшін App Store, Google Play немесе AppGallery-ге ауысып, «Е-Salyq Azamat» қосымшасын тауып, орнату немесе жаңарту опциясын таңдауыңыз қажет.

«Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация нысанын және оны толтыру ережелерін бекіту туралы» 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» 270.00 салық есептік нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 169 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.