
Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, жол полициясы өкілдерімен және жеке сот орындаушысымен бірге Қырық-Құдық ауылында көлік құралдары бойынша салық берешегі бар салық төлеушілерді анықтау мақсатында рейд жүргізді.
Шара барысында Lexus LX 470 маркалы тәркіленіп, комуналдық тұраққа қойылды.
Аталған көлік құралы бойынша салық берешегінің сомасы 907 мың 744 теңгені құраған.
Салық берешегі толық көлемде төленді.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін көлік салығын уақытылы төлеуді ұсынамыз.