
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы
Камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Гүлнәр Теміржанованы 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.
17 жылдан астам Гүлнәр Серікбайқызы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқаруда.
Ол өз жұмысын Ақмола облыстық салық комитетінің маманы болып бастады.
Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.
Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан, лауазымды міндетін
абыроймен атқарған үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» Мерейтойлық медалімен марапатталған.
Әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз.
Құрметпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы