
1 қазан – Халықаралық қарттар күні.
Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қарияларға қамқорлық көрсететін айрықша күн.
Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет. Өйткені, бұл кісілер қоғамдық дамуға, мемлекетіміздің қалыптасуына орасан зор үлес қосты, мұны естен шығармауымыз керек.
Мереке қарсаңында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбыраев пен Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Майра Қараулова аудандық салық қызметінің ардагерлерін құттықтады.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин атап өткендей, бұл күні салық қызметінің ардагерлері Людмила Павлова мен Сара Такисованың «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медальдарымен, ал Әсем Нұрованың Алғыс хатпен марапатталуының мәні зор.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мекеменің ардагер ұйымына үлкен қолдау көрсетіп отырғанын айта кеткен жөн. Ардагерлер Мемлекеттік кірістер департаментінің өміріне белсенді қатысуда.
Бірде бір мереке Алғыс күні, Наурыз, Жеңіс күні, Тәуелсіздік күні, Мемлекеттік кірістер департаментінің спорттық және мәдени шаралар ардагерлер кеңесінен назарынан тыс қалмайды.
Ардагерлер департамент өміріне белсене қатысып, өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісуде.
Ардагерлерге құрмет көрсету шарасына аудандық мәслихаттың хатшысы Сағындық Абаханов, облыстық мәслихаттың құрметті депутаты Валерий Семчук, Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Саят Ахмеджанов және «Аманат» партиясы филиалының басшысы Бауыржан Умербаев қатысты.
Ардагерлер өз кезегінде ардагерлерге деген игі көзқарастары үшін алғыстарын білдірді.
Зейнеткерлердің жүздерінен күлкі көріп, мұндай кездесулердің маңыздылығын сезіну өте қуанышты.