Date of publication: 08.10.2024 17:43
Date of changing: 08.10.2024 17:43

Құрметті салық төлеушілер!

       ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 10.10.2024 жылы Астана қ. уақыты бойынша сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде ҚР ҚМ 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрығымен көзделген нормаларға сәйкес жүйені жаңарту бойынша жұмыстар (тоқтаусыз) жүргізілетінін Сіздің назарыңызға жеткізеді. Көрсетілген уақыт аралығында ақпараттық жүйе қол жетімді болады.

      Жаңарту ЭШФ бланкісіне GTIN (Global Trade Item number) тауарының коды немесе басқа код көрсетілетін "Тауар коды" жаңа 17/1 өрісін қосу бөлігінде  өзгеріс енгізу мақсатында жүргізіледі. Көрсетілген "Тауар коды" бағанын толтыру міндетті емес.

     Әзірлеуші жинағы (SDK жаңартылған ЭШФ схемасымен) МКК https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1 сайтында жүктеуге болады.

     ТІЖ және ЭШФ бланкілеріндегі өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз .