
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
(бұдан әрі – пилоттық жобасы) әзірленгенін хабарлайды.
Бұл пилоттық жоба өнім беруші мен ол тартқан қосалқы мердігер арасында Мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін орындауға жасалатын ЭШФ АЖ-да электрондық шарттарды ресімдеуді (енгізуді) көздейді. Сондай-ақ, бұл пилот контрагенттермен өзара әрекеттесуді толығымен электронды түрге ауыстыруға мүмкіндік береді.
Электрондық шарттарды пилоттық қолдану ерікті негізде көзделген.
Аталған бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында 2024 жылдың
18 қазанда https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15242926 орналасқан.
Бұйрық жобасының қоғамдық талқылаудың мерзімі – 2024 жылдың
4 қарашаға дейін.
Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.