Date of publication: 05.11.2024 12:03
Date of changing: 05.11.2024 12:04
Көкшетауда Ақмола облыстық мәслихатының «АМАНАТ» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шұғырмақова жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің жобасымен таныстырды.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығының басшысы Шынар Мусина Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі жобасының негізгі жаңалықтарын слайд арқылы түсіндірді.
Іс-шара парламенттік фракцияның аумақтық өкілдерінің қатысуымен сұрақ-жауап форматында ZOOM бейнеконференцбайланысы арқылы өтті.
Шара барысында әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері де талқыланды.
Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.