
Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңі» тақырыбында брифинг өтті.
2021 жылдың 1 қантарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңмен жалпыға бірдей декларация енгізілді дейді спикер Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Бауыржан Шәйкенов.
Жалпыға бірдей декларацияның негізгі мақсатты: әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру; сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
Бұрын жалпыға бірдей декларацияға мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар; мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері; заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер; жоғары айтылған тұлғалардың жұбайлары енгізілді.
Төртінше кезеңде 2025 жылғы 1 қантардаң бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қалған азаматтар (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар) тапсырады. Ақмола облысы бойынша бұл санаттағылардың саны 335 мыңға асатын жеке тұлға болады.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады. Онда жеке тұлғаның барлық мынадай шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетіледі:
• шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
• шетелдік банктегі 3,692 млн теңгеден жоғары (1 000 АЕК) ақша;
• шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
• бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.);
• үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
• инвестициялық алтын (құйма алтын);
• зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
• 36,9 млн. теңге (10 000 АЕК ) шегінде қолма-қол ақша;
• басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары.
• құны 3,692 млн. теңгеден асатын басқа да мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.) – бағалауды 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзіміне дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жасау қажет.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсырылады.
Басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) нотариаттық келісім болған кезде көрсетілуге жатады.
Салық заңнамасының нормаларына сәйкес дебиторлық/кредиторлық берешек туралы мәліметтер өзгертуге немесе толықтыруға жатпайды. Тиісінше, нотариаттық куәландыру 2024 жылдың 31 желтоқсанында және декларация тапсырылған күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электрондық түрде - "Салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "Электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ «Е-Salyk Azamat», «e-Gov mobile». мобильді қосымшалары арқылы. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұл декларацияны екініші денғейдегі (Каспи, Халық және тағы басқа) банктерінің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Салық төлеуші Декларацияны толтырмас бұрын уәкілетті органдардың интернет-ресурстарына өз бетінше кіріп, сондай-ақ Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу арқылы декларацияланатын мәліметтердің дұрыстығын тексере алады.
Жалпыға бірдей декларациялауды нақтылау үшін бірыңғай республикалық 1414 платформасында Байланыс орталығы іске қосылды.
Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде жарияланған.
Сонымен қатар, апта сайын сәрсенбі және бейсембі күндері департамент сұрақ-жауап форматында Zoom конференциялар өткізеді. Идентификаторының нөмірі департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылады.
Брифинг барысында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.