
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Көкшетау-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде «Отбасы күні» өткізілді.
Шара барысында балалар ата-аналарының жұмысымен, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мұражайымен танысты.
Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Валентина Еремина оларға өңірдегі кеден қызметінің қалыптасу тарихы және отбасында түсіністік, сыйластық пен бірліктің маңыздылығы туралы айтып берді.
Өйткені, отбасында да, ұжымда да жетістіктерге жету үшін бірлік, ынтымақтастық және келісім болу кажет.
Шара барысында музыкалық концерт қойылып, бейнероликтер көрсетілді.
Балаларға шай дастарханы ұйымдастырылды
Мереке мейірімді, көңілді және есте қаларлық болды.