Date of publication: 20.01.2025 15:38
Date of changing: 20.01.2025 15:38

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Гармала» («Адыраспан») өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілгенін хабарлайды.

Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған, ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін азаматтарға аталған өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды ескертеміз.