
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа кеңесі өткізілді.
Алқа отырысына аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының және кедендік бекеттердің басшылары қатысты.
Алқаның ашылуы барысында Департамент басшысы Ерлан Хасенов Ақмола облысы әкімі атынан Президент сайлауына дауыс беруде белсенді қатысқандары үшін ұжымға өз алғысын білдірді. Сайлаудың нәтижелері бойынша Ақмола облысы аймақтар арасында сайлаушылардың белсенділігі 95% көрсеткішімен ерекшеленді.
Ерлан Хасенов сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын, еңбек және орындау тәртібін міндетті орындалуда назарда болуы керектігің айрықша атап өтті.
Болжамды көрсеткіштерді орындау, салықтарды әкімшілендіру, экономикалық жұмысты бақылау, камералдық бақылау, берешекті өндіріп алу мәселелері туралы Департаменттің басқарма басшылары баяндама жасады.
Бірінші тоқсанның нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджетке 18 млрд. 328 млн. теңге көлемде түсім қамтамасыз етілді. Соның ішінде республикалық бюджет бойынша болжам 644 млн. теңгеге артығымен орындалды яғни 7 млрд. 492 млн.теңге (109.4%) түсім түсті, жергілікті бюджетке 10 млрд. 836 млн. теңге толықтырылып орындалуы 106.4% құрады.
Алқа отырысында, одан бөлек бүгінгі бизнес жайлы сөз қозғалып оның мүдделерін қорғау, даму жолындағы кедергілерге төтеп беру, жалған өнімдерді шығару және оның заңсыз айналымын жүзеге асыратын алаяқтар мен жалған кәсіпкерлерді, әділетсіз бәсекелестерді жою қажеттілігі туралы ескертілді. Көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында тіркеу есебінен шығару үшін жеке кәсіпкерлер ұсынатын құжаттар саны қысқартылды, жеке салық бойынша өтініштері мен есептілік нысандарды халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тапсыру мүмкіндігі пайда болды. Сондай-ақ қызметтерді электрондық форматқа көшіру жүргізіліп жатыр (кедендік декларацияны салық төлеуші кабинеті арқылы тапсыру мүмкіндігі), жаңа онлайн қызметтері өңделуде және басқа шаралар қолдануда.
Кеңес барысында аумақтық басқарма басшыларының есептері тыңдалып, «Нұрлы Жол» Жолдауында белгіленген мақсаттардын маңыздылығы туралы және олардың іске асыру жолында негізгі басты тапсырмалар үнемі назарда болу керектігіде департамент жетекшісі қорытынды сөз барысында атап өтті.