Date of publication: 07.02.2025 18:03
Date of changing: 07.02.2025 18:05

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет көрсету өңірлік кеңесінің биылғы жылғы бірінші отырысы өтті.

Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. 

Кеңес отырысында темекі бұйымдарын өнімнің қадағалану таңбалануының ақпараттық жүйесіне енгізу және есептен шығару, бөлшек сауда салығы бойынша салық режимі және салық заңнамасындағы басқа да жаңалықтар қаралды.

  Іс-шараға бейнеконференцбайланыс арқылы Кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалдары қатысты.
 Шара сұрақ-жауап форматында өтіп, қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді.

Бизнес өкілдерімен сындарлы диалог өтті.