
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылдың 11 ақпанында сағат 15:30-дан 17:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимаратында (М.Әуезов көшесі 189А) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Pro bono сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері азаматтарды қабылдайды.
Білікті адвокаттардан, нотариустардан, заң кеңесшілерінен, жеке сот орындаушылары мен Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері барлық сұрақтар бойынша білікті заң көмегін тегін алуға болады.
Келіңіздер және кез келген құқықтық сұрақтарға жауап алыңыздар!