
Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге:
1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының бензин бактарында, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 2024 жылғы 29 кыркүйектен бастап, 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге;
2) "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін жеткізу, сондай-ақ табиғи зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарын жою мақсатында көрсетілетін гуманитарлық көмек және (немесе) көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкету жоспарларына сәйкес, бензин әкетуді қоспағанда (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 450 0, 2710 12 490 0, 2710 12 412 0, 2710 12 413 0), ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 кодтары бар мұнай өнімдерінің темір жол көлігімен 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап, 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге әкетуге тыйым салу енгізілсін".