Date of publication: 18.02.2025 17:16
Date of changing: 18.02.2025 17:19
«Достар» мәдениет үйінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері өңірдегі есепшілерге арналған семинарға қатысты. Талқыланған өзекті мәселелердің бірі салық шегерімдері болды.
Шара барысында салық мамандары өзгерістер туралы өзекті ақпаратпен бөлісті, сонымен қатар ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін салық шегерімдерін дұрыс ресімдеу және пайдалану бойынша ұсыныстар берді.
Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ахметжан Хасенов фискалдық чектерді беру кезінде кәсіпкерлер үшін кассалық тәртіпті сақтау қажеттігін еске салды. Бұл азаматтардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау үшін маңызды, сонымен қатар көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
Шара сұрақ-жауап форматында өтті және слайдтар көрсетілді.
Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді
Осындай семинарлар мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен бухгалтерлері үшін кәсіби байланысты нығайтудың маңызды алаңына айналмақ.