
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Қазақстан Темір Жолы» Ақмола филиалы – «Жүк тасымалы» ЖШС есепшілеріне ұйымдастырылған семинарға қатысты.
Талқыланған өзекті мәселелердің бірі салық шегерімдері болды.
Шара барысында Түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева өзгерістер туралы өзекті ақпаратпен бөлісті, сонымен қатар жеке табыс салығын есептеу кезінде көп балалы отбасыларға, оқытуға, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақылар бойынша және тағы да басқа салық шегерімдерін дұрыс ресімдеу және пайдалану бойынша ұсыныстар берді.
Шара сұрақ-жауап форматында өтті және слайдтар көрсетілді.
Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді
Осындай семинарлар қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін кәсіби дамудың маңызды алаңына айналмақ.
Шараның соңында естелік фотосурет түсірілді.