
«Достар» мәдениет үйінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Сапалы ресми сайт – заман талабы» дөнгелек үстел отырысына қатысты.
Дөңгелек үстелді Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандаулет Қылышбаев жүргізді. Мәжілістің алғы сөзі Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Әділжан Әмірханов берілді.
Сондай-ақ мәжілістің барысында Ақмола облысының Әділет департаментінің бас маманы Тоты Берлібекова, Ақмола облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының бөлім басшысы Ернар Жантасов мемлекеттік мекемелеріндегі ресми интернет-ресурстарының жүргізілу барысы туралы баяндамалары тыңдалды.
Дөңгелек үстелге департаменттердің және облыстық басқармалардың ресми интернет-ресурстарға жауапты мамандары қатысты.
Бұдан соң дөңгелек үстел қатысушылары пікір алмасып, оң тәжірибелерімен
бөлісті.