Date of publication: 28.02.2025 18:40
Date of changing: 28.02.2025 18:41

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және аумақтық басқармалар қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шайкеновтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басқарма басшысы Әнуар Омаровтың,  аға жедел уәкілі Ақмола облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция подполковнигі Разия Курсанованың, аға инспекторы  Ақмола облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының полиция капитаны Тимур Шайхиновтың,  инспектор Ақмола облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының полиция капитаны Серік Ерғалиевтың қатысуларымен семинар өтті.

Аталған іс-шарада "Химиялық тәуелділік түрлері», «Құқықтық аспектілері», «Көлік құралын ішімдік ішкен күйінде жүргізу», «Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және қызметтік этика стандарттарын сақтау мәселелері туралы", «Көлік құралдарын  қайта жарақтандыру» мәселелері қаралды.

Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.

Этикалық нормаларды сақтау ашықтық пен бюрократизацияға бағытталған мемлекеттік қызметті реформалау жағдайында ерекше маңызды.
 Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық мәдениет деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.