
Тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Бұл зияткерлік спорт қатысушылардан стратегиялық ойлауды және аналитикалық дағдыларды талап етті.
Көкшетау қаласында Бурабай спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында «Отан» облыстық спартакиадасының шегінде тоғыз құмалақ жарысы бойынша жарыс өтті.
Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орын Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, екінші орын Қазынашылық департаментінің қызметкерлері,
ал үшінші орынға Астрахан ауданының командасы ие болды.
Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!