Date of publication: 07.03.2025 15:12
Date of changing: 07.03.2025 17:49
 Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы әріптестерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин құттықтау сөзінде  бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер департаментінде  және аймақтық басқармаларында екі жүзден астам нәзік жанды арулар жұмыс істейді және олардың басты ұраны – мемлекет пен қоғамға керек болуын атап өтті.
. Олар ел бюджетін күн сайын толықтыра отырып, өздеріне байланысты барлық күш-жігерін жасайды. Ақмола МКД алдына қойылған міндеттерді табысты жүзеге асырып, көрсеткіштерді орындауында олардың еңбегі зор.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының нәзік жаңдары волейбол, тоғыз құмалақ, шахмат және басқа да спорт түрлерінен командалар құрамында бірнеше рет спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері – асыл жанды әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде филармония әншілері мерекелік көңіл-күй сыйлайтын әсем әндерін сыйға тартты.

Әріптестерімізді құттықтаймыз! Мереке құтты болсын!