
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 5 тармағы бойынша 2025 жылғы 01 сәуірден бастап оның жекелеген бөлімшелерінің кедендік және салықтық әкімшілендіру салаларындағы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағыттар бойынша ішкі талдауын жүргізеді:
- талдау объектісінің қызметіне әсер ететін, нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, нормативтік құқықтық актілерде, бизнес-процесстерде, салықтық және кедендік әкімшілендіруде, Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде және т.б сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы k.akhmetova@kgd.gov.kz электрондық мекенжайға хабарлауларыңызды сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда 72-11-78 телефоны бойынша хабарласу қажет.