Date of publication: 08.04.2025 15:24
Date of changing: 08.04.2025 15:25

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді жалғастыруда. Осы процесстің аясында 2025 жылғы 7 сәуірден бастап жаңа функционал енгізіледі – уәкілетті экономикалық операторлар реестріне қосылу, міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді тіркеуге туралы өтініштер тек «Keden» жүйесі арқылы беріледі.

       Маңызды: «Экспорт-импорт операциялары бойынша Біріккен терезе» жүйесі арқылы өтініштер қабылдау 2025 жылғы 4 сәуір сағат 18:30-дан бастап тоқтатылады.

       Қалай өтініш беру керек? Жүйеде тіркелу және өтініш толтыру бойынша толық нұсқаулықтар келесі жерлерде қолжетімді:

      - https://keden.kgd.gov.kz порталында (нұсқаулықтар басты беттегі бөлімде);

      - уәкілетті экономикалық операторларға арналған ресми Telegram-чаты: https://t.me/kedenkgdgovkz/45032.

      Назар аударыңыз!

      Тіркеу барысында өтініштің мәртебесі туралы уақтылы хабарламалар алу үшін өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі және электрондық пошта) көрсету қажет.

     Консультация үшін байланыс деректері

     Қолдау телефондары: +7 (7172) 73 55 19, +7 (705) 956 53 89 

     Электрондық пошта: keden_support@kgd.minfin.gov.kz 

     Telegram-канал: https://t.me/kedenkgdgovkz