Date of publication: 17.04.2025 16:07
Date of changing: 17.04.2025 16:09

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және аумақтық басқармалар қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің өкілдері Жазира Сейтмағанбетова, Гүлзат Омарова қатысуларымен семинар өтті.

Аталған іс-шарада 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап іріктеудің жаңа жүйесіне енетін пилоттық жобасы аясында конкурстық рәсімнің ұйымдастырылуы туралы қадамдық ақпаратпен бөлісіп, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында орын алып жатқан соңғы өзгерістермен таныстырды. Сонымен қатар, Этикалық нормаларды сақтау, жемқорлыққа жол бермеу, адалдық пен тазалықты сақтау бойынша қызметкерлерге  түсіндірмелер беріп кетті.

Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.