
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Думан Зекенұлы Әділбековты шығарып салу рәсімі өтті.
30 жылдан астам Думан Зекенұлы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды.
Ол жұмысын Енбекшіқазақ ауданы бойынша салық инспекциясының агроөндірістік комплекстін табысына салық салу бөлімінің салық инспекторы, Алматы облысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.
Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді басшысы, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.
Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және экономикадағы еңбек жетістіктері үшін «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ мемлекеттік наградамен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрмет мадақтамалармен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Құрметті Думан Зекенұлы!
Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!
Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің ұжымы