
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледж студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Бұл шараның мақсаты мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен таныстыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болды.
Акция аясында студенттер мемлекеттік кірістер органдарының мұражайымен, «Көкшетау- кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетімен, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қабылдау және өңдеу Орталығымен және басқада бөлімдерімен танысты, салық және кеден саласындағы қызметтерлерінің негізгі бағыттары түсіндірілді.
Кадрлар бөлімінің бас маманы Жәмиля Меңдібаева жұмысқа қабылдау шарттарымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Аманжол Құсайынов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуымен және мемлекеттік қызметшілер сақтауы тиіс әдеп нормалармен таныстырды.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, брошюралар таратылды.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі