Date of publication: 08.05.2025 19:15
Date of changing: 08.05.2025 19:16
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ардагерлеріне құрмет көрсету рәсімі өтті.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин мекеменің ардагерлерін мерекемен құттықтап, соғыстан кейінгі мемлекетті қалпына келтірудегі жетістіктер олардың ерен еңбегінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
Ардагерлердің кәсіби шеберлігі мен үлесі арқасында салық жүйесі дамыды.
Олардың жомарттықпен бөліскен басты мұрасы – даналық пен өмірлік тәжірибе.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары Ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбыраев ардагерлер ұйымына үлкен қолдау көрсеткені үшін Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығына алғысын білдірді.