Date of publication: 16.05.2025 16:22
Date of changing: 16.05.2025 16:23

Құрметті азаматтар!

2025 жылдың 3 сәуірінен бастап «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» Республикалық акциясы басталды!

Енді сіздердің әрқайсысыңыз күнделікті сатып алулар жасай отырып немесе ақылы қызметтерді ала отырып, тек фискалдық түбіртек алып қана қоймай, бағалы сыйлықтарды, соның ішінде ақшалай сыйлықтарды ұтып ала аласыз. Алынған түбіртекті «Amian» мобильді қосымшасында тіркесеңіз болғаны.

Сондай-ақ, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап «Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқан күшіне енеді. Осы науқан аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталатын болады – тіркелген фискалдық түбіртектердің саны бойынша барлығы 20 жеңімпаз.

Олардың әрқайсысына 100 000 теңгеден ақшалай сыйлық беріледі.

«Бәйге» акциясы үш кезеңде өтеді:

• Бірінші кезең – 1 мамырдан 30 маусымға дейін;

• екінші – үшінші тоқсанда;

• Ал үшінші – 2025 жылдың төртінші тоқсанында.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады.  Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысады.

• Әрбір жүктеп салынған чек ұтып алудың бір мүмкіндігі.

• Ай сайын – 10 жеңімпазға дейін, әрқайсысы 100 000 бонус алады.

Қатысу оңай: тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық түбіртек сұраңыз және оны «Amian» қолданбасында тіркеңіз. Неғұрлым көп чектерді тіркесеңіз, ұтып алу мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары болады.

Сондай-ақ, Жақсы, Аршалы, Астрахан, Есіл, Біржан сал және Целиноград аудандарының тұрғындары «Салық кэшбэк» пилоттық жобасына қатысып, Amian мобильді қосымшасында сатып алу сомасының 2% көлемінде кэшбэк ала алатынын еске саламыз. Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына аударуға болады.