Date of publication: 22.05.2025 12:22
Date of changing: 22.05.2025 12:24
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Көкшетау қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің  жедел уәкілі Алдияр Кеңес интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді.

“Алаяқтық” ұғымы сан түрлі саладағы көптеген заңсыз іс-әрекеттерді қамтиды. Оның ішінде банк саласы бойынша несие, жылжымайтын мүлік, ақшамен жасалатын алаяқтық. Қазіргі таңда алаяқтық жасаудың жолдары күн сайын артып келеді. Басты себебінің бірі – заманауи технологиялардың дамуы: әлеуметтік желі, ұялы байланыс, онлайн-шопинг және банкинг. Сонымен қатар, алаяқтықтың дәстүрлі тәсілдері де азаяр емес.

Профилактикалық әңгіме барысында интернет-алаяқтықтың алдын алудың негізгі шаралары түсіндірілді. Қызметкерлерге алаяқтық әрекеттерге тап болған кезде егжей-тегжейлі әрекет алгоритмі таныстырылды.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті интернет-алаяқтықтың өсіп келе жатқан үрдісі туралы ескертеді.

Жеке кәсіпкерді, ЖШС-ні тіркеудің, банктік шоттарды ашудың жеңілдетілген рәсімі алаяқтардың үлкен қызығушылығын тудырады, олар әлеуметтік желілерде әр түрлі сылтаулармен азаматтарға ақылы түрде жеке кәсіпкерді, ЖШС-ні мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді, банктік шот ашуды ұсынады, осылайша кәсіпкерлік қызметке еліктейді.

Алаяқтар әртүрлі тауарлар мен қызметтерді сататын жалған интернет-дүкендер жасайды. Өздерін кәсіпкерлер ретінде көрсете отырып, олар мәміле туралы уағдаласады және қашықтан төлем шоттарын қояды, бұл ақша аударымы кезінде күмән тудырмайды.

Осыған байланысты Сіздерді жеке деректерге, электрондық кілттерге және басқа да құжаттарға қол жеткізуді шектеуге шақырамыз, оларды бөгде адамдар пайдаланбау үшін.

Жоғарыда көрсетілген әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 және 28-баптарына сәйкес алаяқтық ретінде жіктеледі және айыппұлмен, түзеу жұмыстарымен не бас бостандығынан айырумен жазаланады.

ды.