
Қаржы министрі Мәди Такиев министрліктің ұжымына жаңадан тағайындалған аппарат басшысы Эрнар Ержановты таныстырды.
Эрнар Бөрібайұлы 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-да бастаған.
Мемлекеттік қызметте 2003 жылы қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2016 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпанына дейінгі аралықта ҚР Президенті Әкімшілігінде Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты болып жұмыс істеді.
2018 жылдың ақпаны мен 2021 жылдың тамызына дейін Қаржы министрлігінде Салық және кеден заңнамасы департаментінің директоры болды.
2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты Әуезов ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасын басқарды.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қаржы министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып еңбек етті.
Еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.