
Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше назар аударып, оны игі мақсаттарға жетуге бағыттау қажеттігін атап өтті. Балаларды қорғау күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметкерлердің балаларына арналған балалар мерекесі өтті.
Іс-шара барысында «Салықтар мен сыбайлас жемқорлық - жақсылық пен жамандық» тақырыбында балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.
Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша: 3-6 жас аралығындағы бірінші санатта жеңімпаздар - 1 орын –Алиса Фомич, 2 орын – Мәди Бақытжан, 3 орын - Лина Қайдар
7-10 жас аралығындағы екінші санатта 1 орын – Арлан Айтжанов, 2 орын – Зере Темірхан, 3 орын –Ерұлан Сапаров және Айсезім Смағұл жеңіске жетті. 11-15 жас санатында бірінші орында Самира Әбдірахманова, екінші орында Шыңғыс Оралбай, үшінші орында Нәби Темірхан мен Азамат Сапаров.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Балалар үшін аниматорлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мереке мейірімді, көңілді және есте қаларлық болды. Алда балалардың жазғы демалысы және бұл іс-шара оларды жарқын бастама деп санауға болады.
#BIRGEDAMYUSHIN#