Date of publication: 17.06.2025 11:42
Date of changing: 17.06.2025 11:44

Еліміздің жетістіктеріне үлкен үлес қосқан біздің ардагерлердің өміріндегі жинаған мол тәжірибелері,  кейінгі  ұрпақ үшін үлкен өнеге. Рухани, адамгершілік құндылықтарды сақтап, ұрпақтан ұрпақка жалғастырып келе жатқан да осы қариялар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жас қызметкерлерімен кездесті.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев және қеңестің орынбасары Әндеш Қажыұлы Құрманбаев облыстың салық және кеден қызметінің қалыптасуының жылдары туралы атап өтті.

Олар егеменді нарықтық экономиканы қалыптастыруда қандай қиындықтарға тап болғаны туралы айты.

Ардагерлер мемлекеттілікті одан әрі нығайту мақсатында экономикалық бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру маңызды міндет екенін атап өтті.

Өңіріміздің одан әрі  дамуына мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіпқойлығына, жанқиярлық еңбегі мен таңдаған ісіне адалдығына және белсенді азаматтық ұстанымына байланысты деп ардагелер атап өтті.