
Қазақстанның дамуы сауатты, адал мемлекеттік қызметшілердің жұмысымен байланысты.
Мемлекеттік қызметшіге қойылатын ең басты талап – мемлекет пен халық мүддесінің алдындағы жауапкершілігі. Жауапкершілік болған жағдайда халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімі артып, қоғам мен мемлекет арасында мықты көпір орнатуға өз әсерін тигізетіні сөзсіз.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде тек өз ұжымында ғана емес, жалпы аймақ беделге және құрметке ие қызметкерлер жұмыс істейді. Мереке қарсаңында сол қызметкерледің бірі Майра Қараулова туралы сөз еткім келеді.
1995 жылы Майра Мағжанқызы салық органдарына қызметке орналасты. Салық жүйесіндегі жұмыс барысында ол өзін тәжірибелі басшы, өз ісіне берілген маман, жастарға сауатты да жауапты тәлімгер ретінде көрсете білді.
Жоғары кәсібилік, сауаттылық және жауапкершілік мемлекетіміздің дамуының игілігі үшін алға қойылған міндеттерді қысқа мерзімде шешуге көмектеседі. Маманнан бастап Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына дейін жеткен Майра Мағжанқызы бүгінде Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарады.
Лауазымдық қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Майра Қараулова «Салық қызметінің үздігі», «Мемлекеттік кірістер органының үздігі», «Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» төсбелгісімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 100 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан патриоты» медальдарымен марапатталған. Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Табысты жұмыс үшін ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру қажет – дейді Майра Мағжанқызы. Әрбір қызметкердің жұмысының үйлесімділігі мен өнімділігі соған байланысты. Ұрпақтар сабақтастығы жақсылыққа ұмтылудың ең маңызды құралы ретінде маңызды рөл атқарады.
Біздің қызмет ардагерлері мерекелік шараларға жиі қонақ болып келеді; олардың үлгісі арқылы жас қызметкерлер жұмысқа және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды үйренеді.
Оның ұсынысының арқасында Қарттар күні қарсаңында салық инспекциясының бірінші басшысы Людмила Павлова мен ардагерлер Сара Такисова мен Әсем Нұрова «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медальдарымен және Алғыс хаттарымен марапатталған.
Заманауи мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – өз міндетіне ерекше жауапкершілікпен қарау, ел азаматтарының игілігі үшін қызмет ету болып табалады.