Date of publication: 23.06.2025 09:22
Date of changing: 23.06.2025 09:23

Бүгін әлемнің барлық мемлекеттік қызметкерлері үшін бірыңғай кәсіби мереке.

2002 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясында 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы қабылданды.
2013 жылы Қазақстандағы тұңғыш Президенттің Жарлығымен бұл күн мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді.
 Мемлекеттік қызмет - бұл мемлекеттік жүйеде маңызды механизм, соның арқасында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру қалыптасады. Мемлекеттік қызмет ашықтық, құзыреттілік, әдептілік, тиімділік, сонымен қатар Қазақстан азаматтарының сұраныстарына бағдарлану сияқты негіздерде құрылатынын атап өту маңызды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тиімді жұмысы мемлекеттілікті нығайтудың және еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды факторына айналуы тиіс екенін атап өтті. Барлық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, кәсіби өсу және алға қойған міндеттеріңізге тиімділік тілейміз!