
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық байқауы аясында Ақмола облысы бойынша өңірлік кезеңнің қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеру, олардың уәждемесін арттыру және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту.
Байқау екі номинация бойынша өтті: «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» және «Сервистік қызмет көрсетуші». Қатысушылардың жұмысы халықтық дауыс беру және өңірлік комиссияның шешімі бойынша бағаланды. Жеңімпаздарды анықтауда қызмет көрсетушілердің сыпайылығы, тиімділігі, көрсетілген қызметтің сапасы және мүгедек жандарға жағдай жасау сияқты талаптар ескерілді.
Нәтижесінде, облыстық деңгейде келесі жеңімпаздар анықталды:
«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша:
1-орын: Орынбасар Асқарқызы Абдуахитова, Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;
2-орын: Дина Ураловна Айтмукушева, Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы;
3-орын: Еркежан Төлегенқызы Айсина, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Жақсы аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
«Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша:
1-орын: Шортанды ауданының «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекеме атынан қатысқан бас маман Ернар Айдынұлы Олжабай;
2-орын: Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, мекеме атынан қатысқан салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Айнұр Амангельдиновна Асамбаева;
3-орын: Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекеме атынан қатысқан бас маман Ерлан Жақсылықұлы Рахметов.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! #үздікқызметкөрсетуші #мемлекеттікқызмет #ақмолаоблысы