Date of publication: 05.08.2025 18:08
Date of changing: 05.08.2025 18:09

Бүгінгі таңда салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда, олардың бірі камералдық бақылау болып табылады.

Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады.
Алайда, декларацияларда деректердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты салық төлеушілер сәйкессіздіктерге жол беретін жағдайлар жиі кездеседі, соның салдарынан камералдық бақылау бойынша хабарлама жіберіледі.

Салық төлеушілер жиі жіберетін қателіктерге келесі сипаттағы қателер жатады.

Описание: ✔Электрондық шот-фактураларды дұрыс толтырмау және жазып беру:
Описание: ➖шетел валюталарының кодтарын қате көрсету;
Описание: ➖тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың дұрыс көрсетілмеуі;
Описание: ➖тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруші мен сатып алушының санаты (экспедитор, лизинг беруші және басқа да санаттар) көрсетілмейді;

Описание: ✔Салық декларацияларын дұрыс толтырмау және ұсынбау:
Описание: ➖жеткізушілер бойынша таратып жазуда қате жіберу;
Описание: ➖декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қателер;
Описание: ➖нөлдік немесе бос декларацияларды толтыру және жіберу;
Описание: ➖бірдей декларациялардың қос бағыты;
Описание: ➖өткен жылдардағы декларациялардан деректерді дұрыс көшірмеу (тауарлардың қалдықтары, шығындар, топтардың (кіші топтардың) құндық балансы).

Описание: ✔Ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу:
Описание: ➖тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде бақылау-кассалық чектердің басылмауы;
Описание: ➖қате сомалармен чектерді басу;
Описание: ➖чектер бойынша қайтарымдарды ресімдемеу.

Осылайша, сіздің мекенжайыңызға жіберілетін камералдық бақылау хабарламаларының саны ЭШФ толтырудың қарапайым ережелерін сақтауға, салық есептілігінде барлық қажетті деректерді дұрыс және толық көрсетуге байланысты болады.