
Құрметті салық төлеушілер!
Мемлекеттік кірістер комитетімен жаңа салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі (СӘАЖ) әзірленді.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметтері мен сервистері порталының (Портал) пилоттық нұсқасы іске қосылды.
Жаңа Портал пайдаланушыларға https://portal.kgd.gov.kz сілтеме арқылы қолжетімді. Порталда салықтық және кедендік мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар (СТ тіркеу, ЖСО-мен айналысатын адамды тіркеу есебі, кедендік декларацияларды қабылдау және т.б.), сондай-ақ салық төлеушіні іздеу бойынша сервистер, калькулятор, сауалнамалар, СЕН бланкілері және басқалары орналастырылған.
«Кері байланыс» сервисі арқылы, сондай-ақ 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 нөмірі бойынша Порталмен танысуға және өз пікіріңізбен бөлісуге шақырамыз.
Сіздің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз порталды одан әрі ыңғайлы және функционалды етуге көмектеседі.