Date of publication: 11.09.2025 17:33
Date of changing: 12.09.2025 15:15

2025 жылғы 15 шілдеде Салық кодексіне өзгерістер енгізілді

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңіне енбеген келесідей азаматтардың шетелде мүлік немесе шоттары болмаса декларация тапсырудан босатылады:
— зейнеткерлер
— студенттер
— үй шаруасындағы әйелдер
— жекеменшік салада жұмыс істейтіндер

 Бірақ :
 сайланбалы/мемлекеттік лауазымға үміткерлер және олардың жұбайлары
 банктер мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары
 нотариус, адвокат, медиатор және т.б.
 цифрлық актив иелері
 шетелде мүлкі немесе шоты барлар
 20 000 АЕК-тен жоғары мүлік сатып алғандар
 жарғылық капиталының 10%-дан астамына иелік ететін ЖШС және АҚ басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары  декларацияны тапсыру керек.

Декларацияны қалай тапсыру керек?
Онлайн: cabinet.salyk.kz | egov.kz | e-Salyq Azamat | Kaspi | HALYK | BCC
Офлайн: МКБ | халыққа қызмет көрсету орталығы | пошта арқылы