
2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбекова Кәмшат Болатқызы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық департаментінің басшыларымен және ұжымдарымен кездесу өтті.
Өз сөзінде Кәмшат Болатқызы мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасына жоғары талаптар қоятынын атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдептің белгіленген стандарттарын сақтауға міндетті.
Тасқын Тұрағалдыұлы қатысушыларға іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық ережелерін сақтау мәселелері бойынша ақпаратты жеткізіп, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген қолданыстағы шектеулер мен қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын бұзушылықтар туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша аумақтық департаменті қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, Этикалық кодекс пен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырды