
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті электромобиль әкелуді жоспарлап отырған азаматтарға мұндай көлік құралдарын жеңілдікпен әкелуге белгіленген квотаны ескеру қажеттігін хабарлайды.
Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 Шешіміне сәйкес, электромобильдерге (ТН ВЭД коды 8703 80 000 2) әкелу кезінде тарифтік жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, осы шешіммен Қазақстан Республикасына әкелуге арналған квота белгіленген – 15 000 бірлік.
2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша елге 13 000-нан астам электромобиль әкелінді, бұл белгіленген лимиттің 87,2%-ын құрайды.
Осылайша, тарифтік жеңілдікті қолдану арқылы әкелуге 1 900-ден аз электромобиль мүмкіндігі қалды.
Азаматтарға автокөлікті сатып алу және әкелу туралы шешім қабылдау кезінде қалған жеңілдік көлемін алдын ала ескеруге кеңес береміз, бұл мүмкін шектеулерден сақтануға көмектеседі.