Date of publication: 31.10.2025 11:31
Date of changing: 31.10.2025 11:32

      

Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың  тоғыз айдың қорытындысы шығарылды.

Департамент қызметінің басым бағыты мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 473 млрд. астам теңге түсті. Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде шамамен 16 млрд. тенге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 5,2  млрд. теңге, қамералдық бақылау - 7,9 млрд. теңге, салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 857  млн. теңге, резидент еместерді әкімшілендіру - 926 млн. теңге, кедендік әкімшілендіру – 309 млн. теңге,  акциздерді әкімшілендіру - 136 млн. тенге, ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 310 млн. теңге және басқалар.

Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 10 мыңнан астам тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 72 % жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың  бірінші жартыжылдықта 460 мың    мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Шараға  бейнеконференцбайланыс арқылы аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары  қатысты.

Кеңесте салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Шараның соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.