
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 20 тексеру жүргізді, оның барысында ілеспе шот-фактурасыз және талап етілетін лицензиясыз 1 мың 795 литр алкогольдік өнімдердің (арақ, сыра, шарап) заңсыз айналымы тоқтатылды және 1 мың 669 қорап контрафактілік «Oris» маркалы темекі өнімдері таңбасыз табылды.
Жыл басынан бері айналымнан 26 мың 031 литр заңсыз алкогольдік өнімдер, 43 мың 251 қорап контрафактілік темекі өнімдері, 144,2 тонна мұнай өнімдері тәркіленді. Жалпы сомасы 38 млн. 213 мың 700 теңге әкімшілік айыппұл салынып, заңсыз акцизделетін өнімдер тәркіленді.




























