
Көкшетау мәдениет сарайында «Салықтар қарапайым тілде: САЛЫҚ 2026» атты семинар өтті. Семинарды Halyk Bank қолдауымен танымал салық сарапшысы Дмитрий Казанцев өткізді.
Спикер салық негізгі салықтықзаңнамалық өзгерістермен және бизнесті жүргізудің практикалық аспектілерімен бөлісті.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұған дейін қолданыста болған жеті нұсқаның орнына үш әмбебап арнайы салық режимі (АСР) қалады:
1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
2. Қарапайым декларацияға негізделген АСР
3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды. Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек. Акция 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсінікті әрі практикалық түсіндірмелер ала алады. Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау. Қаңтар–ақпан айларында консультациялар аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Наурыздан бастап консультациялар аптасына 2 рет жүргізіледі. Акция аясында консультацияларды кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ең тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді. Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 21А мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтуде.




























