Date of publication: 29.01.2026 10:51
Date of changing: 29.01.2026 10:53

Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты  2026 жылғы 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.