Date of publication: 05.05.2017 12:35
Date of changing: 05.05.2017 12:36

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы Сіздерді рухы мықты, ер жүректі жандар күні, еліміздің ортақ мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды.

Бұл күн қазақстандықтар ерлігінің шежіресімен бірге Отанға қызмет ету дәстүрлерінің мирасқорлығын білдіреді. Сіздерді атаулы мерекемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға қуаныш, құт-береке, зор денсаулық, еліміздің дамуы жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейді.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!