Date of publication: 03.03.2026 18:00
Date of changing: 03.03.2026 18:01

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын еске салады.

       2025 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2025 жылы қолданыста болған 3 932 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

      Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.

      Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау мақсатында жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.

     Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылады.