
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде.
Акция 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.
«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.
Кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсінікті әрі практикалық түсіндірмелер ала алады.
Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 21А мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтеді.
2026 жылғы наурыздан бастап консультациялар аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі күндері) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі,
Сондай-ақ қабылдау уақытында аудандық және қалалық басқармалар арасында бейнебайланыс пен телефон арқылы кеңес беру мүмкіндігі көзделген.
Бетпе-бет консультациялардан бөлек, кәсіпкерлер үшін келесі мүмкіндіктер қолжетімді болады:
- ресми ресурстар арқылы онлайн-консультациялар;
- вебинарлар (онлайн және офлайн форматта);
- есепті кезеңдерде тақырыптық консультациялық сессиялар.
«Халық бухгалтері» акциясы салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қосымша шараларды іске асыру жоспарлануда.




























