
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күндері мерекелеу жарқын күндерінде Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Степанович Николаевпен кездесті. Айбынды ардагер жұбайы Любовь Ивановна қайтыс болғанынан кейін тағдыр жазылуы бойынша Бұланды аудандық қарттар мен мүгедектер медико-әлеуметтік мекемесінде тұрып жатыр. Құрметті әйелімен бірге бірнеше рет сол кезде Кедендік бақылау департаментінің түрлі шарараларына келіп қатысқан, сондықтан оның қазіргі орналасқан жері туралы естіп осыған орай оны Жеңіс мерекесімен құттықтап теледидар мен естілік сыйлықтарды сыйлауға шешім қабылданды. Ардагер өз ризашылығын көрсетіп шын жүректен алғысын білдіре отырып Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне табыс және сәттілік тіледі. Сонымен қатар соғыс ардагері Жеңіс шеруін өзінің бөлмедегі жаңа үлкен экранды теледидар арқылы тікелей эфирде тамашалады.