
Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізеді және Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінің салық төлеушінің жаңа Кабинетінің (бұдан әрі – СӘИЖ СТК) функционалын жақсартуға бағытталған ұсыныстарға талдау жүргізеді.
Ұсыныстарды талдауды ескере отырып келесі мүмкіндіктер іске асырылды:
- Белгілі бір қатеге өту мүмкіндігімен салық есептілік нысандарды толтыру кезінде қателерді бір тізіммен қарау.
«Қателерді тексеру» түймесін басқаннан кейін, жаңа терезеде қателер тізімі пайда болады. Әрбір қате белсенді сілтеме болып табылады, оны бассаңыз сізді нақты қатеге апарады.
- Толтырудың кез келген кезеңінде салық есептілігінің баспа нысанын қарау.
Басып шығарылған нысанды көру үшін нысанды толтыру бетінің оң жақ бүйіріндегі "Көру" белгішесін басыңыз. Басып шығарылған нысан жаңа терезеде пайда болады.
СӘИЖ СТК функционалын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Барлық өзгерістер туралы біз ресми ресурстарымызда хабарлайтын боламыз.
СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.




























