
«Болашақ Сарайы» сарайында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу жұмысын ұйымдастыру, бірыңғай цифрлық платформаны енгізу, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру, әлеуметтік аударымдарды төлеудің дұрыстығы, Салық кодексіндегі өзгерістер, Көкшетау қаласының сақтандырылмаған тұлғаларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту, «Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстарының негізгі талаптары мен міндеттері бойынша жиналыс өтті.
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде – дейді өз сөзінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Шынар Мусина.
«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.
Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.




























